7.03.2023, 12:15
Оқылды: 32

Теректілік арулар «Жарқын жүздесуде»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың  ұйымдастыруымен өткен «Жарқын жүздесудің» бұл жолғы  кеші аруларға  арналды.

теректі (2)

Оған әр салада қызметте жүрген жандар қатысты.   Айталық, Аймангүл Жарасова (Магистрал ЖОББМ директоры), Ғазиза Сәрсенова (Федоровка №1 ЖОББМ логопеді),  Әйгерім Шайхиева  (Подстепный ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі), Гүлнафис Джальмишева («Зерде»  оқу орталығының жетекшісі), Алмагүл  Ахатова (Ақсоғым а/о әкімі аппаратының бас маманы), Гүлжүзім  Санижанова (Теректі ОКЖ-нің балалармен жұмыс әдіскері), Айнур Исмағамбетова  (Теректі аудандық ауруханасының медбикесі) қатысты.

теректі (3)

Сұхбат тізгінің ұстаған Үміткер Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ — бізден, жауап —сізден» деп кәсіптеріне, өмірлеріне қатысты қызықты сұрақтар қойды.

Сондай-ақ,  қонақ кәделерін алып келген, Айман Қадерқызы «Асыл арман», Гүлжүзім Қайырғалиқызы «Жангүлім» әндерін орындады.  Әйгерім Жұмасейітқызы жетекшілік ететін «Ақсұңқар» эстрадалық вокалдық балалар  ансамблі «Ұстаз ана» әнін шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты. Массаждың қыр-сырын білетін Ғазиза Серікқызы шеберлік сағатын көрсетті. Ал Гүлнафис Сағатқызы мен  Алмагүл Мейрамқызы тәттілерін  ала келді.  Қолы шебер Айнұр Мерғалиқызы  өзі жасаған   тұмарларын  жоба кейіпкерлеріне  естелік ретінде ұсынды.

теректі (5)

Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлстан Сатыбалдиева жоба қонақтарына шығармашылық табыс тіледі.

Шара соңында ұйымдастырушылар атынан  естелік сыйлықтар табысталды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале