Орал қаласында балғын футболшылар арасында «Қысқы Орал – 2021» турнирі өтті. Аталмыш доп додасында аудан намысын Подстепный қазақ мектебінің 2009-2010 жылы дүниеге келген футболшылары қорғап, тым жақсы нәтиже көрсетті.
Турнирге облыс бойынша 9 команда қатысып, олар үш топқа бөлінді. Теректілік балғындар өз топтарында қарсылас шақ келтірмей, жартылай финалға еш қиналмай өтіпті.
- Алдымен, «Санлин» командасын тобымызда 13:1 есебімен тас-талқан етіп ұттық. Одан кейін «Футлайф» командасымен кездесіп, есеп біздің пайдамызға 8:3 болып аяқталды. Әр топтан бірінші орын алған команда өзара кездесетін болды. Түрлі халықаралық турнирлерде бақ сынап, үздік болып жүрген «Футбол-кидз» командасымен жолықтық. Тартысты өткен ойында шәкірттерім 4:3 есебімен жеңіп, аудан намысын лайықты қорғай білді деп айта аламын, - дейді Подстепный қазақ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қажет Джалитов.
Финалда теректілік балғындар «Ақжайық» футбол клубының түлектерімен ойнап, өкінішке орай 2:1 есебімен жеңіліс тауыпты. Бірақ, аталмыш турнирдің күміс жүлдегерлері атанып, тұғырдың екінші сатысына жайғасты. Облыстық деңгейде жасындай жарқылдап, теңбіл допты ұршықша үйірген балғындардың болашағына сеніммен қараймыз.
Әділет Әлібек,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Шыңғырлаулық Алдияр жеңіс тұғырынан көрінді
16.04.2021, 17:30
Бәйтеректік ансамбль жүлделі орынды иеленді
5.04.2021, 13:06
Бәйтеректік футболшы құрама жеңісіне үлес қосты
25.03.2021, 10:40
Құрама қуанта қоймайды-ау
19.03.2021, 13:20
Шыңғырлаулық футбол клубы жүлделі орынды иеленді
12.03.2021, 17:46
Жәнібек ауданының қос командасы жеңімпаз!
10.03.2021, 11:08
Жаңақалада өткен тартысқа толы шағын футбол
5.03.2021, 9:33
Шыңғырлаулық өрен жүлдегер атанды
2.03.2021, 16:41
Қаратөбеде «Жақсылық жасап жарысайық!» атты жарыс өтті
26.02.2021, 17:40
Жаңақалалық балғын палуандардың жеңісі
18.02.2021, 18:58
Бәйтеректік Асхаттың болашағы жарқын
25.12.2020, 9:22
Бәйтеректік жас футболшылар «Ақжайық» ойыншыларымен кездесті
10.12.2020, 11:31
Жүлдеден жүлде қоймаған Бауыржан
5.10.2020, 10:55
Партия күніне орай футболдан жарыс өтті
28.02.2020, 10:00
Ақсайда футболдан аудандық чемпионат мәреге жетті
1.08.2019, 12:16
16.04.2021, 17:30
5.04.2021, 13:06
25.03.2021, 10:40
19.03.2021, 13:20
12.03.2021, 17:46