19.03.2020, 18:15
Оқылды: 85

Теректілік балғындарға облыс басшысы сыйлықтары табыс етілді

Теректі ауданында бүгін белсенді, оқуда озат он шақты бала жаңажылдық сыйлық алды. Ұлыстың ұлы күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Наурыз нұры» шарасын ұйымдастырған-ды.

45992C71-4760-4C20-9EAE-0A8E336EAF36

Балаларға сый-сияпат жасап, нағыз мереке өткізу жоспарланған еді. Қазіргі әлемді жайлаған індетке байланысты бұқаралық шара өткізу балалардың денсаулығы үшін қауіпті. Дегенмен облыс басшысы ұлтық жаңа жылымызда балаларды қуантудың жолын тапты. «Наурыз нұры» қоржындарын әр ауданға таратып, иесіне табыстауды аудан басшылығына тапсырды.

Теректі ауданында облыс басшысының сәлемдемесін жетізіп берген аудан әкімі орынбасарлары бас сұққан шаңырақтарын келе жатқан мерекемен құттықтады.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале