24.02.2020, 10:51
Оқылды: 67

Теректілік еріктілер қайырымдылық концертін ұйымдастырды

"Жақсылық жүрек жылытады" атты қайырымдылық концертінің түпкі мақсаты - екі бірдей мүгедек бала тәрбиелеп отырған Сәбитовтер отбасына жәрдемдесу.

terekti audany (2)

Кештің шымылдығын ашқан Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов сауапты іс қылып жатқан жастарға алғыс білдірді.

terekti audany (3)

- 2020 жыл - Еріктілер жылы деп жарияланған сәттен бастап ауданымыздың еріктілері серпіліп, тың бастамаларды қолға ала бастады. Ерікті болу - жас талғамайды. Оған тек жүрегіңнің жылы, мақсатыңның айқын болғаны ғана қажет. Сәбитовтер отбасына бұл қайырымдылық концертінен бөлек, "1000 теңгеге - баспана" атты акция аясында қос мүмкіндігі шектеулі құлыншақты жетілдіріп отырған ана қолдау ретінде баспана алып беру жоспарда бар. Оған барлық теректіліктер үлес қоса алады. Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың атынан жалынды, дарынды жастарға алғыс білдіріп, осындай игі бастамаларда жұмыла беріңіздер деп тілек білдіргім келеді,- деді өз сөзінде бөлім басшысы.

terekti audany (1)

Қайырымдылық концертінен 33 мыңнан астам қаржы жиналды. Қаражат Сәбитовтер отбасына табысталады.

 

Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале