23.09.2020, 17:26
Оқылды: 95

Теректілік Фарида – "Үздік жүргізуші"

Бүгін облыстық Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында "Түркітілдес журналистер қоры" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар – елдің болашағы» тақырыбында республикалық «Жас журналистер байқауы» шығармашылық сайысының марапаттау рәсімі өтті.

 фарида

Байқаудың "Үздік жүргізуші" номинациясынаТеректі ауданынан Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің "Жас тілші" үйірмесінің мүшесі Фарида Аманбай қатысып, жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.

Салтанатты шарада шәкіртінің белсенділігі үшін жеңімпаздың жетекшісі, Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогі Үміткер Орынғалиев"Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ президенті Назия Жоямергенқызының атынан алғыс хат еншіледі.

Байқау шартына орай Фарида Абайқызы әріптесіміз, "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаровтың "Жастарға" атты өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, видеоға түсіріп, ұйымдастырушылар алқасының электронды поштасына жіберген.

 

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале