1.09.2020, 16:16
Оқылды: 264

Теректілік кәсіпкер үздіктерге сыйақы тағайындады

Осыдан тура бір жыл бұрын "Теректі" шаруа қожалығы басшысы Сержан Идиятов аудан орталығындағы қос мектепке грант бөлетінін мәлімдеген болатын. Яғни оқу жылы қорытындысы бойынша әр мектептен үздік атанған 2 ұстаз бен 3 оқушыға кәсіпкер 100 мың теңге көлемінде қаржылай сый көрсетемін деген еді.

Terekti (1)

Әлемді әбігерге салған дерт пен қазіргі ахуалға қарамастан кәсіпкер «Теректі – білім әлемі» атты жобасын жүзеге асырды. 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар 1 қыркүйек күні марапатталды.

Terekti (2)

Сержан Серікұлы Федоров қазақ мектебіне бас сұғып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Жылдың үздік мұғалімі» аталымында Әсел Брекеева жеңімпаз деп танылса, «Жылдың үздік сынып жетекшісі»  аталымында Назгүл Изғалиеваға тең келер ешкім болмады. Ал «Жылдың үздік оқушысы» болып Азатгүл Мұхамбетьярова танылса, «Жылдың  белсенді оқушысы» аталымын Саягүл Кульмуханова жеңіп алды. Ерсанат Тлепқали « Жылдың үздік спортшысы» болды. Әр аталым бойынша үздік деп танылғандар арнайы диплом және 100 мың теңге ақшалай сыйақыны еншіледі.

Terekti (3)

Дәл осындай аталымдар бойынша үздіктер Федоров №1 ЖОББМ-де анықталды. Атап айтсақ, «Жылдың үздік мұғалімі» - Замира Молдағалиева, «Жылдың үздік сынып жетекшісі» -  Алтынай Пернебекова, «Жылдың үздік спортшысы» - Диас Каримов, «Жылдың үздік оқушысы» - Ерсайын Жұмағалиев, «Жылдың белсенді оқушысы» - Анэль Есенова атанды.

Terekti (4)

Қос мектептің директоры Галина Құрматова мен Елена Бердникова кәсіпкерге алғыс білдірді. Өз кезегінде Сержан Идиятов дәл осындай сыйақылар жаңа оқу жылында да берілетіндігін айтты.

 

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале