5.02.2021, 11:11
Оқылды: 113

Теректілік кәсіпкер жас палуандарға қамқорлық танытты

Теректі ауданы орталығы тұрғыны, жас кәсіпкер Бақытжан Мұхамбетқалиев өте сауапты іс жасады деген хат кеп түсті редакция поштасына.

FD0E2D81-5D48-4B21-80C1-A5AA8197794D

Федоров ауылдық округіне қарасты Жайық ауылындағы білім ордасының жертөлесінде балғындар күреспен айналысатын.

Жертөленің жағдайы осы кезге дейін мәз емес болған. Спортқа деген құлшынысы бар балалар қолда бармен жаттығып, тіпті түрлі деңгейдегі жарыстардан жүлделі орын алып келіп жүрді. Грек-рим күресінен жаттықтырушы Айдын Сүлейманов былай дейді:

- Бақытжанмен бірге спортпен айналысып, жақсы араласып жүрдік. Ол өз кәсібін дөңгелеткенмен байланысымыз үзілмеді. Бір күні жас палуандарға қандай көмек көрсете аламын деді. Қапелімде ойға ештеңе түсе қоймады. Уақыт өткен соң залдың жағдайын көріп, бағамдап, мен Бақытжанға хабарластым. Ол мектептің жертөлесінде орналасқан шағын залды жөндеуден өткізіп беруге, қажетті дүниелермен жабдықтауға келісті. Қазір балалар жаттығатын зал адам танымастай өзгерді. Жас спортшылар қуануда. «Берсең, балаға бер» дейді ғой қазақ. Балаларға жасаған қамқорлығы үшін Бақытжан Сабыржанұлына алғысым шексіз.

DECAA727-3D74-40C2-803C-611C9F6CD15C

Расымен, өзінің өскен ортасын ұмытпай, артынан еріп келе жатқан балғын палуандарға көмек қолын созған теректіліктің ісі мақтауға әбден лайық. Жаңа келбет алған залдан әлемді мойындатар чемпиондар шықпасына кім кепіл?!

 Әділет Әлібек,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале