Батыс Қазақстан облысында мәдениет және спорт саласының үздіктері марапат төрінен табылды. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Кәсіподақ күші — бірлікте!» атты республикалық челлендж аясында кеңейтілген салтанатты кеңес отырысы ұйымдастырылды.

Айтулы шараға Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин мен осы ұжымның кәсіподақ төрағасы Виктория Нұрәлиева қатысып, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ аудандық орталықтандырылған кітапхана басшысы Айгүл Кайрова мен сала ардагері Мария Плетёная көпжылдық қажырлы еңбегі үшін «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар Достық үйінің директоры Гүлмира Кощанова кәсіподақ ұйымының дамуына сіңірген еңбегі үшін «Салалық кәсіподаққа 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен ұлықталды. Ал кітапхана өкілі Мейрамгүл Шамгонова мәдениет саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі мен адал қызметі үшін салалық кәсіподақ төрағасы А. Батырхановтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Жиын барысында бірнеше марапат иесі бұл құрмет тек өздеріне ғана емес, бүкіл ұжымның бірлескен жұмысына берілген жоғары баға екенін атап өтіп, алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.