24.06.2022, 9:00
Оқылды: 53

Теректілік мемқызметкерлер алғысқа бөленді

Теректіде ҚР  Мемлекеттік қызметшілері күніне орай салтанатты шара өтті.

IMG-20220623-WA0076

Оған аудан әкімі Тілек Габдушев қатысып, мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтап, бірқатар маманға алғыс хат табыстады.

 Сонымен қатар ҚР Президенті мен БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің атынан білім беру бөлімінің басшысы Ж.Хұсайнова, Шағатай ауылының әкімі О.Құсайнов, Долин ауылының әкімі Т.Манатауов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет мониторингі мен ақпараттандыру бөлімінің басшысы Қ.Сұлтанова, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет мониторингі мен ақпараттандыру бөлімінің бас инспекторы А.Ғайнуллин, Подстепный ауылы әкімдігі аппаратының бас маманы Б.Өтепов, Шаған ауылы аппаратының бас маманы И.Оболевич, Приречное ауылы аппаратының бас маманы Р.Байғасиевтерді марапаттады.

IMG-20220623-WA0065

Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атынан әкім аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы А.Сәрсеноваға алғыс хат табысталды.

Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Қадырбек Бегманов БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Руслан Әміржановтың алғыс хатын бір топ қызметкерге берді.

Мерекелік шара барысында жер қатынастары бөлімінің бас маманы Дина Дүйсеналиева салтанатты түрде ант қабылдады.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале