15.04.2021, 17:57
Оқылды: 175

Теректілік мұғалім ерледі

Теректі ауданында Өтеген Мүбаракты танымайтын жан кемде-кем. Түрлі спорттық додаларда дес бермей, аудан намысын лайықты деңгейде қорғайтын спортшымызды мақтаймыз да, мақтанамыз да.

EE888BAF-49B5-4934-87DC-4B40ACA4CE08

Жуырда Өтеген тағы бір мәрте ерлеп, республикалық жарыста алдына жан салмады. Тарқатсақ, Президенттік көпсайыстан дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен республикалық турнирде 50-59 жас аралығында теректілік спортшы І орынды жеңіп алды.

«ҚР Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерацияларындағы» ЗТБ вице-президенті С.Нәдірбек және республикалық  «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы  М.Тасқалиевтің қолы қойылған диплом және алтын медальмен марапатталған Өтегеннің алар асуы осымен түгесілген жоқ деп ойлаймыз.

Салауатты өмір салтын ұстанып, сонымен қатар шәкірт тәрбиелеп жүрген Өтеген Мүбарак тек аудан емес, облысымыздың мақтанышы деп білеміз.

 Әділет Зере,

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале