28.04.2022, 18:27
Оқылды: 70

Теректілік өнерпаздар республикаға жолдама алды

Елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын «Рухани қазына» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі биыл да жалғаспақ. Айта кетейік, бұл ауқымды фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ұйытқы болуымен өтеді. 

IMG-20220428-WA0099

Жалпы, бұл шараның мақсаты – еліміздегі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің басын қосып, үздік мамандар мен ұжымдарды ардақтау, өзара тәжірибе алмасу және өңірлердегі мәдени нысандардың имиджін нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени және білім беру жобаларының озық үлгілерін насихаттау.

IMG-20220428-WA0101

Орал қаласында бесінші мәрте өткен облыстық деңгейдегі шараға Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымы да қатысты. Сайып келгенде, «Үздік аудандық мәдениет үйі» аталымына ие болып, «Рухани қазына —2022» атты республикалық байқауға жолдама алды.

IMG-20220428-WA0100

Теректілік өнерпаздарға сәттілік тілейміз!

Айшабибі  Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале