28.11.2022, 16:45
Оқылды: 81

Теректілік Санжар Дәукенов Мәскеуде топ жарды

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында халықаралық "КТК талантливым детям" атты балалар және жасөспірімдер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды.

IMG-20221128-WA0025

Аталмыш байқаудың "эстрадалық вокал" аталымы бойынша ел намысын қорғаған теректілік Санжар Дәукенов(ұстазы Гүлназ Құсайынова) І орынды жеңіп алды. Санжар Мәскеу төрінде Димаш Құдайбергеновтың бағын ашқан халық әні "Дайдидауды" және Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" әнін орындап, көпшілікті таңғалдырған. Өнер додасына 7 мемлекеттен 300-ге жуық балғын қатысқан. "Эстрадалық вокал" аталымы бойынша 56 үміткер өзара кім мықтыны анықтапты.

Айта кету керек, Санжар Дәукенов Теректідегі  үлгілі "Өркен" балалар вокалды ансамблінің белді мүшесі.

Естеріңізде болса, "Каспий Құбыр Консорциумы" компаниясы ұйымдастырған байқаудың Қазақстандағы іріктеуі Атырау қаласында өткен болатын. Республикалық деңгейде Санжар Гран-при иегері атанып, Мәскеудегі байқауға жолдама алған.

Олай болса, Теректінің атын Ресейде танытқан талант Санжар Дәукеновты шын жүректен құттықтаймыз!

Әділет Орынбасар,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале