7.06.2022, 12:30
Оқылды: 73

Теректілік Санжар гран-приді жеңіп алды

Биыл – балалар жылы. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде бірқатар шаралар іске асуда. Соның бірі – Атырау қаласында өткен «Jas tolqyn» жас таланттар байқауы.

3

Өнер додосына еліміздің батысындағы төрт облыстан 9-18 жас аралығындағы дарынды балалар қатысты. Оның ішінде Теректі ауданының үлгілі «Өркен» балалар вокалды ансамблінің (жетекшісі Гүлназ Құсайынова) мүшелері де бақ сынады. Айталық, Айсезім Тілекқабыл екінші дәрежелі дипломға қол жеткізді. Ал Санжар Дәукенов бас жүлдені қанжығаға байлады. Ол енді ел намысын Мәскеу қаласында өтетін сайыста қорғайды.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале