17.04.2021, 10:27
Оқылды: 149

Теректілік шаруалардың қимылы ширақ

Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов және аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев жұмыс сапарымен көктемгі дала жұмыстарын қарап, шаруалардың егіс алқаптарын аралады.

20210417_102319

Алдымен Новопавловка ауылдық округіндегі "Мадиев" шаруа қожалығының басшысы Сәлембай Мадиевпен кездесіп, шаруа бағытында тілдесті. Көгеріп тұрған күздік бидайдың түптенуіне қарап, биылғы өнім мол болатынын болжаған жер иесі, топырақтың ылғалдылығы да жақсы деңгейде екенін айтады. Топырақтың ылғалдылығы биыл 70-75 см шамасында. Қар тоқтатқан жерлердегі ылғалдылық 85-90 см құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артықшылық байқалады.

Айта кететін бір жайт, шаруашылық иесінің жұмысына егіс алқабы арқылы индустриалды аймаққа жүргізіліп жатқан жоғарғы қысымды газ құбыры жұмыстары кедергі келтіріп жатыр екен. Осы орайда аудан басшысы орынбасары Ержан Досмақовқа аталмыш мәселені шешуді тездетуді тапсырды.

Сапар барысында олар "Тұлпар LTD" және "Айсұлу" шаруа қожалықтарына да барып, диқандардың базынасын тыңдады.

Тұлпарлық шаруалар күздік егістің бетін қайта тырмалап, бесқонақта келетін суыққа ерте қамданыпты. Тырмалау жұмыстары дәнді дақылдардың түптенуіне де тиімді тәсіл. Арман Кәрімұлы қожалық иелеріне жер телімдерін мақсатты пайдалану керектігін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жақсылық Мерген,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале