10.11.2022, 18:01
Оқылды: 35

Теректілік «Шежіре» «Халық ықыласы» номинациясын жеңіп алды

Тасқала ауданында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында әрі халықтық «Ақтілеу» әжелер ансамблінің 35 жылдық мерейтойына арналған халықтық әжелер ансамблдері арасындағы «Ақ жаулығым — тұмарым» облыстық байқау өткен еді.  Айта кетейік, халықтық әжелер ансамблдерінің мәдени-рухани қызметін жетілдіру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, салт-дәстүрді дәріптеу — шараның ең басты мақсаты.

1

Осынау байқауға Теректі ауданы атынан халықтық «Шежіре» әжелер ансамблі қатысқан болатын.

Жалпы, аталмыш ансамбль 2012 жылы құрылған. Дәл қазіргі таңда бұл топты 10-нан астам адам құрап отыр. Сондай-ақ репертуарында 20-ға жуық халық әндері бар. Ұжымның жетекшісі, Теректі аудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі - Айгүл Қайрова.

3

Хош, сонымен халықтық «Шежіре»  ансамблі байқаудың шарты бойынша өздерін таныстырып, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрден көрініс қойды. Сонымен қатар халық әндерін әуелетіп, қолөнер көрмесін әзірледі.

Сайып келгенде, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Халық ықыласы» номинациясына ие болды.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале