23.04.2023, 10:56
Оқылды: 78

Теректілік спорт шебері Сұңғат Бекқалиевтің мерейтойына  арналған облыстық турнир өтті

Самбо және қазақ күресінен  ардагерлер арасында ҚР-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, самбо күресінен әлем чемпионатының   қола  жүлдегері,  дзюдо күресінен  әлем чемпионатының  күміс  жүлдегері,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Сұңғат Беккалиев асқаралы   60 жасқа толып отыр.

FB_IMG_1682193399381

FB_IMG_1682193404564 (1)

FB_IMG_1682193401933

Айта кетейік, Сұңғат Ерешұлы 1963 жылы 14-сәуірде Чапаев ауданы, Анқаты ауылында  дүниеге келген. 1970  жылы  Еңбек ауылындағы  Калинин атындағы  білім беру мектебінің табалдырығын аттады.  Бала кезінен спортқа қызығушылық танытқан. Алғашы бапкері   Бақытжан  Бисенов жас жеткіншекке  күрестің  қыр-сырын  үйретіп,  спортқа  баулыған  екен. 1980 жылы  аталмыш мектептің  аттестатын қолға алып үлкен өмірге бет алған.  Еңбек жолын Қызылжар сегізжылдық  мектебінде дене шынықтыру пәні  мұғалім болып  бастаған.  1981 жылы  Тәжікстан еліне  Отан алдында әскери борышын өтеуге  екі жылға аттанып, әскерден оралған соң  Ақжайық  ауылында 1985 жылға дейін өрт сөндіруші қызметін атқарды.   1986-1990 жылдар аралығында  Қарағанды  қаласындағы  педагогика  институтының дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білімін алды. Институт қабырғасында самбо  күресінен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы болған. 1991 жылдан бері осы күнге дейін Сұңғат Ерешұлы Теректі аудандық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінен жаттықтырушы қызметін абыроймен атқаруда.

FB_IMG_1682193427450 (1)

FB_IMG_1682193424809

Мерейтой иесінің құрметіне орай  Ақжайық ауылында дзюдо күресінен 2007-2008 жылы туылған жасөспірім  ұлдар  арасында облыстық  турнир өтті. Спорттық шараның ашылу салтанатына қатысқан Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов жылы лебізін арнап,  аудан әкімі атынан алғыс хат табыстады. Сонымен қатар дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Одан әрі БҚО мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры  Есенгелді Айсағалиев  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы атынан алғыс хат ұсынды. Сондай-ақ,  Ақжайық ЖОББМ директоры Шолпан Кәкіжанова да ілтипат көрсетті.

Айтпақшы, ел ағалары,  ҚР дзюдо жұлдыздары Сұңғат ағайға толағай табыс тілеп, экран арқылы бейнеқұттықтау жолдады. Шәкірттері де қалыс қалмады. Ұстазына  ат мінгізді.

Хош, сонымен екінші бөлім —  облыстық турнирге Бөрлі, Сырым, Қаратөбе,  Қазталов, Теректі аудандары және Орал қаласының командалары қатысты.

Сайып келгенде,  42 келі салмақ бойынша 1-орынды М.Ғарифуллин (Теректі ауданы), 2-орынды Д.Сисенбай (Спорт интернат), 3-орынды Е. Иманов (Теректі ауданы) және Е.Садық (Спорт интернат) жеңіп алды. Ал 46 келі бойынша бірінші орын  Д.Сырымовқа (Спорт интернат) бұйырды. Екінші орынды Н. Зейнолла  (Спорт интернат), үшінші орынды  А. Қонысқалиев  (Жекпе-жек спорт мектебі) пен А.Әндір (Жекпе-жек спорт мектебі) иеленді. Елу келі салмақ бойынша 1-орынды Ж. Кабдрах  (Теректі ауданы) алса, 2-орынды Ғ. Баздыбай (Спорт интернат), 3-орынды А. Ерсаин (Сырым ауданы) мен М. Закария  (Спорт интернат) қанағат тұтты.

FB_IMG_1682193417186

Сондай-ақ, 55 келі бойынша А. Медет (Жекпе-жек спорт мектебі) 1-орын, Ж. Абай  (Спорт интернат) 2-орын,  Б. Орынғали  (Теректі ауданы) мен Б.Зейнолла (Спорт интернат) 3-орын тұғырынан көрінді. Алпыс келі салмақ бойынша И. Жұмағали (Сырым ауданы) бірінші орынды қанжығаға байлады. Екінші орынды М. Нұрымов  (Спорт интернат) иеленді. Ал  сырымдық Н. Өтепов пен  А. Тажкенов үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар 66 келі бойынша 1-орынға С. Әбілмансұр (Спорт интернат) шықты. Екінші орын А. Илжанға  (Спорт интернат) бұйырды. А. Иманғазы  (Спорт интернат) мен Б. Қуанұлы  (Сырым ауданы) үшінші орын алып қуантты. 73 келі бойынша теректілік  М. Мұратбеков 1-орынды жеңіп алды. Екінші орынды С. Сайтұлы  (Жекпе-жек спорт мектебі) иеленсе,  оралдық А. Сырым мен  А. Амангелді үшінші орынды алды.

FB_IMG_1682193422418

Сондай-ақ, 81 келі бойынша А. Өтебалиев (Теректі ауданы) 1-орынға,  А. Қадыржан (Орал қаласы) 2-орынға ие болды. Ал А. Мұса  (Кодокан дзюдо орталығы) мен М. Айтқали  (Теректі ауданы) 3-орынды місе тұтты.

Сексен бірден жоғары келі салмақта ойын көрсеткен Е. Исмағұлов  (Жекпе-жек спорт мектебі) бірінші орынға ие болып, жеңіс туын желбіретті.  Екінші орын Е.Мағзомовқа (СК Орал) бұйырды. Ал Е. Жазық (Жекпе-жек спорт мектебі) пен Б. Ғабдолин  (Теректі ауданы) үшінші   орын тұғырынан табылды.

Барша жеңімпаздарға ақшалай  сыйлық берілді.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале