22.06.2022, 16:01
Оқылды: 86

Теректілік тілші ел Президентінен алғыс хат алды

Кез келген жетістікке жету үшін күндіз-түні тынымсыз еңбек ете білу керек әмәнда. Сонда ғана еткен еңбек пен төккен тердің жемісін көре аласыз. Бұл орайда әріптесіміз, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің жауапты хатшысы  Аягөз Айтқалиеваның ілкімді ісі дәлел.

IMG-20220622-WA0072

Қашан көрсеңіз де жарғақ құлағы жастыққа тимей,  әр шаруаны тыңғылықты орындайтын Аягөздің осынау еңбегі  еленгені, біз үшін зор қуаныш, әлбетте!

Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғысқа кенелді. Марапатты аудан әкімі Тілек Габдушев салтанатты түрде табыстады.

«Сізге отаншылдық ұстамыңыз және жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіз конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға  және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне зор үлес қостыңыз. Мықты денсаулық, бақ-береке және ел игілігі жолындағы қызметіңізге табыс тілеймін»  делінген алғыс хатта.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале