15.06.2021, 18:16
Оқылды: 63

Теректілік жас ақын топ жарды

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Үздік жас ақын-2021" атты республикалық байқауда Федоров қазақ ЖОББМ-нің оқушысы Айша Қамит жеңімпаз атанды.

 АЙША1

Теректілік жас ақынға арнайы төсбелгі және байқаудағы үздік өлеңдер топтастырылған кітапша табысталды. Сонымен қатар, Айшаның ата-анасы мен жетекші мұғалімі Назгүл Изгалиеваға ұйымдастырушылардың атынан алғыс хат берілді.

- Айша – әдебиет әлеміне еркін енген өрен. Мәнерлеп оқу сайыстарына қатысады, өлең шығаруға икемі барын да білемін. Бұл байқауды Айшаға көрсетіп, арнайы аталған тақырыпта өлең шығаруын ұсындым. Бұл оқушыны үлкен жетістікке жеткізген тырнақалды туындысы, - дейді жетекшісі Назгүл Төреғалиқызы.

Республикалық дәрежедегі сында жеңімпаз атанған оқушыны мектеп директоры Галина Құрматова құттықтап, Айшаға шығармашылық табыстар тіледі.

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале