16.03.2021, 15:40
Оқылды: 120

Теректілік жас палуандар жерге қаратпады

Аудан айнасының 9 наурыз күнімен шыққан №10 санында «Теректіде қазақ күресінің тұралауына не себеп?» атты мақала жарияланған болатын. Аталмыш мақала спорт саласына жауапты мамандарды дүр сілкіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанатын балғындарға қолдау еселене түсті.

 ПАЛУ12

Әрине, қолдау болған жерде нәтиже де өздігінен болады. Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әлібек Ақнажимовтың хабарлауынша, 11-13 наурыз аралығында Орал қаласында қазақ күресінен 2001-2003 жылы дүниеге келген және 2004-2005 жылы дүниеге келген балғын палуандар арасында оқу-жаттығу жиындары өтті. Оған теректілік спортшылар да белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

2001-2003 жылы дүниеге келген балғындар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде Азамат Елемесов (Федоров ауылы) үздік үштікке енген. Ал 2004-2005 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Мапуов (Ақжайық ауылы) ІІІ орын алса, 76 келі салмақта Нұржан Дүйсенғали (Подстепный ауылы) финалға дейін жетіп, ІІ орынды місе тұтты.

Сонымен бірге, 82 келі салмақ дәрежесінде ақжайықтық Мейрамбек Өтегенов тұғырдың үшінші сатысына жайғасқан. Спорт мектебінің директоры жас палуандарды додаға дайындаған жаттықтырушылар Бейбіт Нығметов пен Нұрсұлтан Болаттың еңбегінің ерекше екендігін атайды.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале