2.04.2020, 9:59
Оқылды: 88

Теректілік жас «Жастар тәжірибесінің» жемісін көруде

Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жастарға  айрықша көңіл бөлінуде. Өйткені олар – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Сондай-ақ елімізде жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында түрлі  бағдарламалар жүзеге асуда.

2399C44D-E99A-4BE7-B333-CB698B768F77

Мәселен, Теректі ауданы,  Пойма ауылының тұрғыны Салтанат Тұрниязова да осындай берері бар бағдарламаның игілігін  көруде.

Өткен жылы бастауышта білім беру мамандығы бойынша дипломын қолға алған Салтанат бүгінгі таңда Әйтиев бастауыш мектебінде ұстаздық қызметте.

– Осы қызметімді бастауыма өз үлесін қосқан Теректі аудандық жұмыспен қамту орталығына ризашылығым зор. Аталмыш орталықтан 6 айға «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жолдама  алдым. Бұл бағдарлама жаңадан ұстаздық жолға қадам басқан жастарға өте пайдалы.

Аталмыш бағдарламаның арқасында мол тәжірибе жинаймын әрі ай сайын жәрдемақы алып отырамын.

Сонымен қатар өз жеке сыныбым, сүйікті оқушыларым бар.

Мен кішкентай кезімнен ұстаз болуды армандадым. Қазір сол армандарым ақырындап орындалып келеді.

Шәкірттерімнің егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шыққанын қалаймын, – дейді Салтанат  Әлібекқызы.

Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале