15.12.2022, 20:48
Оқылды: 42

Теректілік жастар жарады

Теректілік жастар тек ауданның емес, ел мақтанышы.
Күні кеше жерлесіміз Забира Сеитова елдегі мыңдаған студент ішінен үздік атанды.
Теректі ауылындағы қазақ мектебін 2021 жылы аяқтаған жас түлек Қарағанды медицина университетіне мемлекеттік грантпен оқуға түскен болатын.
image-15-12-22-06-58-2
Фармацевт болуды таңдаған Забира Меңдібайқызы бүгінде ІІ курс студенті. Оқу мен қоғамдық жұмысты ұштастыра білген ол  "Намыс" интеллектуалдық дебат клубының,  өз университетіндегі студенттік өзін-өзі басқару  ұйымдарының мүшесі,  жастардың "Жұлдыз " денсаулық орталығының волонтеры.
image-15-12-22-06-58-1
Қарағандыда белсенді студент ретінде танылған Забира «Bilim - orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми - зерттеу орталығы мен " Үздік студенттер академиясы" ұйымдастырған  Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ел жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген  "Жылдың үздік студенті-2022"  республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.
Байқау үздіктерін Астана қаласында марапаттау рәсімінде Забира Сеитова ll дәрежелі дипломмен марапатталып, «Жылдың үздік студенті» төсбелгісін иеленді.
Үздіктер қатарында танылған Забира Меңдібайқызын мақтанышпен құттықтап, көшбасшылық қабілетімен әлі талай биіктерді бағындырарына сенеміз.
Камила Қаракесова
Теректі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале