19.12.2023, 12:45
Оқылды: 7

Теректілік «Жұлдыз» республикалық байқауда жеңіске жетті

Жуырда Ресей Федерациясында жарқырап, талай мықтыларды мойындатқан теректілік «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі жылды әдемі түйіндеді. Тарқатсақ, өткен апта аяғында Оралда «Ғажайып би» республикалық байқауы өтті. Халықаралық деңгейде танылған «Жұлдыз» аталмыш додада қалыпты әдетінен жаңылған жоқ.

ЖУЛДЫЗ2

ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанар Тайшыбаева жетекшілік ететін өнер ұжымы «Қазақ биі» аталымы бойынша қазыларға «Шаттық» биін ұсынып, республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

ЖУЛДЫЗ1

Айта кету керек, өнер додасында қазылар алқасының төрайымы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, иісі қазаққа кеңінен танымал тұлға Шұғыла Сапарғалиқызы болды. Өз ісінің майталманы теректілік өнер ұжымына ең жоғары баға беріп, қадамына сәттілік тіледі.

«Жұлдыздың» жетістігі айтылған кезде ұжымның жетекшісімен қоса, би ансамблінің хореографы Ұлдана Махамбетқызының да елеулі еңбегін атап өткен дұрыс.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале