1.05.2022, 16:51
Оқылды: 71

Теректіліктер бірлік мерекесін атап өтті

Теректі ауылындағы Достық үйі алаңында теректіліктер Қазақстан халқының бірлігі мерекесін кең көлемде атап өтті. Мерекелік шараға Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

C9E95306-5151-4E40-AB12-9043AF19724D

Бүгінде Теректі ауданы 29 ұлтқа қоныс болған мекен. Аудан бойынша алты этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған теректілік тұрғындар үшін Қазақстан халқының бірлігі күні ыстық ықылас пен достық ниет тоғысқан мерекеге айналды десек, артық айтқандық емес. Аудан басшысы Достық үйі алаңына жиналған барша теректіліктерді мамыражай мерекемен құттықтады.

1B6E3AA5-B4CB-4E89-87D2-B0DF8C0B23E6

– Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған қуатты қазақстандықтар еліміздің жүйелі дамуы мақсатында аянбай еңбек етуге тиіспіз. Талай сындардан абыроймен өткен, рухы биік, ынтымағы берік Теректі халқының қандай істе болса да табысқа жетеріне сенімім мол, - деді Тілек Александрұлы өз сөзінде.

Мерекелік шара аясында жыл басында орын алған дүрбелең, елдің еңсесін түсірген «Қанды қаңтар» оқиғасы кезінде аудан тыныштығын күзеткен бір топ ішкі істер саласы қызметкерлері мен аудандағы этно-мәдени орталықтардың бірқатар мүшелері аудан әкімінің алғысхатына ие болды.

1D1C0FE7-81A0-408E-982A-7992B8853E4B

Олардың қатарында Теректі ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобы аға инспекторыполиция капитаны Әділбек Баймұханов, Теректі ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобы инспекторы, полиция капитаны Руслан Қайыржанов, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция лейтенанты Дулат Аққайыров, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі, полиция старшинасы Дарын Бақытов, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция тобы аға жедел уәкілі, полиция капитаны Асқар Ахатұлы, сонымен қатар «Русская изба» орыс этно-мәдени орталығының мүшесі Светлана Садовская, «Алтын бесік» қазақ этно-мәдени орталығының мүшесі Ғалия Төремұратова, «Еднання» украин этно-мәдени орталығының мүшесі Надежда Слета, «Фройдшафт» неміс этно-мәдени орталығының жетекшісі Вера Медетова, «Сябры» беларус этно-мәдени орталығының мүшесі Мағауира Жұмағазиева және «Алтын гюль» татар этно-мәдени орталығының мүшесі Күнсәуле Жұмағалиева бар.

B129576C-CFBD-4C9D-8B22-6BB0B9F6B805

Салтанатты шарадан кейін аудандық мәдени-демалыс орталығы өнерпаздары мен этно-мәдени бірлестіктер концерттік бағдарламасын ұсынды. Орталық алаңда эстафеталық ойындар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлықтарға ие болды.

9CF3D014-59F5-451A-818C-435A068B71A8

F7B36F74-DF46-4071-8E08-B3BC0EC88219
A5364BA6-AB80-4A27-935F-92586774C666
Әділет Орынбасарұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале