13.05.2022, 22:41
Оқылды: 105

Теректіліктер мейірбике күнін атап өтті

12 мамыр – Халықаралық мейірбекелер күніне орай Теректі аудандық мәдениет үйінде мерекелік кеш өтті. Шара барысында сөз алған Теректі аудандық орталық ауруханасының директоры Зейіл Мағзомов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар ақ халатты абзал жандарға алғысхат табыстады.

IMG-20220513-WA0111

- Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер,- деді өз сөзінде.

IMG-20220513-WA0114

Сондай-ақ, кәсіподақ өкілі Ақтөре Лұқпанова  биыл мерейтойы атап өтілген Р.Мұрзағалиева, Г.Серікқалиева және Б.Құспановаға сыйлықтар табыстады.

IMG-20220513-WA0107

IMG-20220513-WA0109

IMG-20220513-WA0115

Мәдениет үйі өнерпаздары әннен шашу шашып, құрмет көрсетті.

IMG-20220513-WA0117

Мерекелік кеш одан әрі «Ең үздік мейірбеке» байқауына ұласты. Байқауда бес мейірбеке бес түрлі кезең бойынша өзара бақ сынасты. Өздерін таныстырып, алғашқы көмек, дәрілік препараттарға жарнама жасап, өз өнерлерімен таңқалдырған қатысушыларға  рентген дәрігері Гүлжихан Хабулова, мемлекеттік сатып алу есепшісі Азамат Гаукаров, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мәдина Ғарифуллина және Подстепный ауылдық округі амбулаториясының меңгерушісі Гаухар Ғатауова төрелік етті.

IMG-20220513-WA0116

Жарыс нәтижесінде көрерменнің көзайымына айналып, ең жоғары ұпай жинаған Айнұр Исмағамбетова (Теректі ауылы) 1-орынды жеңіп алып, «Ең үздік мейірбеке» атанды. Сондай-ақ, Азиза Әжібаева мен Нұршат Шакенова 2- орынды иемденсе, Аяжан Елжанова мен Ботагөз Мәсәлім жүлделі 3-орынды қанжығасына байлады.

IMG-20220513-WA0120

Балнұр Қуаны­шқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале