5.09.2022, 17:53
Оқылды: 97

Теректіліктер Жолдауға қолдау білдірді

«AMANAT» партиясының теректілік мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылады.

13

Аудандық мәслихат депутаттары, саяси кеңес және  фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия белсенділері жиналған басқосуға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев төрағалық жасады.

Жиында «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Тілек Габдушев Президенттің нақты жоспарларына сәйкес алдағы уақытта ауданда атқарылмақ істерге тоқталды.

- «Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Бағада тұрақтылық жоқ. Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен»,-деп Президентіміз атап көрсетті. Бұл мәселелер біздің ауданда да  өзекті. Аудандағы электр бағаналары ескіргендіктен жарықтың жиі өшуі, су құбырының істен шығуы секілді мәселелер бәрімізді алаңдатып отыр» деген аудан әкімі атқарылғае жұмыстардан хабардар етті. Мәселен,  округтер бойынша алты елді мекенге кіреберіс жолдар салынуда. Биылғы оқу жылына Аңқаты ЖОББМ күрделі жөндеуден өтті. Болашақта Подстепный ауылына мектеп салу мен бірнеше білім ошағын жөндеуден өткізу жоспарланған.

14

Аудандық мәслихат депутаты, Ақжайық ЖОББМ директоры Шолпан Какижанова білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен округіне қарасты ауылдардың мәселесін көтерсе, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова аудан халқының жұмысқа орналасу деңгейіне тоқталды. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие мен 100 мың жасты жұмыспен қамту жайында пікір білдірді. Оған қоса аудандағы жас кәсіпкерлер қызметіне тоқталды.

Жолдаудың әр бағыты бойынша өз ой-пікірлерін білдірген партия белсенділері «Президенттің «Жаңа Қазақстан» қалыптастыру жолындағы бастама-жобаларын құптаймыз және қолдауға дайынбыз» дейді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале