8.02.2024, 15:00
Оқылды: 100

Теректінің кейуанасы 100 жасқа толды

Теректі ауданының ең жасы үлкен тұрғыны Мақпал Мұханғалиева 100 жасқа толды.

100 жас макпал

1924 жылдың ақпанында дүниеге келген Мақпал әжейдің жастық шағы ІІ дүниежүзілік соғыстың кезіне келді. Жастайынан еңбекке араласып, қиыншылыққа пісіп есейді. Соғыстан соң шаруашылықты қалпына келтіру, отау құру, бала тәрбиесі – осының бәрін басынан өткерген Мақпал әжейдің жүз жасауы сол тынымсыз еңбек, қажыр-қайратының арқасы болса керек.

100 макпал

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова Подстепное ауылына арнайы барып кейуананы құттықтап, құрмет көрсетті. Гүл шоғын ұсынып, иығына әдемі шапан жапқан аудан басшысына әжей риза көңілін білдірді.

5c58b80f-6fac-441a-8939-6aecece7b0e9

100 жасау адамның асылына бұйырса керек-ті. Өмірін еңбекпен, халықтың «ала жіпті аттама», «жақсылыққа – жақсылық» қағидаттарымен өрген Мақпал әжей жатса да, тұрса да «Ел тыныш болсын» деп тілек тілейді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале