29.09.2022, 18:43
Оқылды: 72

Тіл - татулық тірегі

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – татулық тірегі» тілдер фестивалі оздырылды. 

IMG_3217

Фестиваль Ұлт ұстазы, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орайластырылған театрландырылған көрініспен басталды. Ахмет Байтұрсынұлы мен өзге де кейіпкерлерді шебер сомдай білген көркемөнерпаздар көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Көрініс салтанатты жиынға ұласты.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға атсалысқан бірқатар тіл жанашырларына Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Дүйсеновтың және өзінің атынан алхысхаттар табыс етті. Ал жас болса да, тіл саясатының дамуына үлес қосып үлгерген, түрлі аудандық, облыстық байқаулар жүлдегерлер оқушыларға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө.Бекениязов өз атынан алғысын білдірді.

Фестиваль барысында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарымен қатар, өзге саланың қызметкерлері, ұлттық бірлестік өкілдері тіл тақырыбында әннен шашу шашты.

Аман Ізмұхан, 

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале