29.09.2022, 14:30
Оқылды: 53

Тіл туралы заң орындалуы тиіс

Шыңғырлау ауданы орталығында аудандағы кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпараттың жай-күйі мен тіл туралы заңның орындалуына қатысты жиын өтті. Кәсіпкерлік нысандардың иелері мен жетекшілерінің басын қосқан жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев төрағалық етіп, жиынды жүргізіп отырды.

4

Жиында мемлекеттік тіліміздің елімізде қолданылу аясы, әсіресе, кәсіпкерлік салада қолданылуы туралы кеңінен талқыланып, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Хамидолла Ислямқұловтың атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

5

Сондай-ақ, «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы Тілеген Калиев баяндама жасады. Жиынға  қатысушылар өзара пікірлесіп, сұрақтарын қойып, мағлұматтармен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы жиынды қорытындылап, «Тіл туралы» заңның 21 бабының орындалуы  үнемі қадағаланатынын және осы бағытта жұмыс атқарылып, баршаның да үлес қосулары қажеттілігін айтып, жиынды қорытындылады.

А.Мұса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале