20.10.2022, 20:21
Оқылды: 31

Тіл жанашырлары Шыңғырлауда бас қосты

Бүгін Шыңғырлау жерінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ахмет әлемі: қазақ тілі мен әдебиетінің бүгіні, болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция оздырылды. Бұл күні толымды ойлары мен ғылыми ізденістерінің бір пұшпағын ала келген ана тіліміздің өңкей жанашырлары, Орал, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе Атырау, Астана шаҺарларындағы білім ордаларында жастар мен өскелең ұрпақты білммен сусындатқан ғалым, доктор, профессорлардың тағылымды баяндамаларын тыңдауға ауданның халқы көптеп жиналды.

конф 1

  Нақтырақ айтсақ, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми бөлім басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы төрағалық етіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Зейнол - Ғабден  Бисенғалидың, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Манкееваның және  басқа да Ахмет Байтұрсыновтың атын ұлықтаушылардың баяндамалары ортаға салынып, тыңдармандарын тәнті етті. Конференцияда  Астана қаласынан арнайы келген тілші-ғалым, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігінің ұйымдастыру, кадр ісі бөлімінің  басшысы  Болат Жексенғалиев тұшымды ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын берді.

конф

  Кең көлемде өткен, терең ойлар мен жұртшылықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың түбін қозғаған, ұлттық рухты тағы бір аспандатқан  ғылыми конференция қонақтары аудан әкімі Әлия Мұханбетжановаға және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Сондай-ақ шара соңында жерлесіміз Жамал Манкееваға  «Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы» мәртебесі берілді.

                                                                            А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

   

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале