6.07.2023, 1:07
Оқылды: 256

Тілепберген Қаюпов: «Біз үшін жұмыстың сапасы маңызды»

5 шілде Казталов ауданына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов жұмыс сапарымен келді.

AAE81A02-757D-451F-A2C1-F37634CF7600

Өңір басшысының орынбасары аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлымен бірге ауданымыздағы бірқатар білім беру нысандарының құрылысы және абаттандыру жұмыстары, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

F70C97A5-6D5C-47F1-BD8A-2B864F63C118

Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапарыСарықұдық ауылындағы негізгі білім беретін мектептің абаттандыру жұмыстарымен танысудан басталды. Мектеп өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілгенімен, абаттандыру жұмыстары аяқталмаған. Тілепберген Ерсайұлы құрылыс басқармасы мен аудан әкіміне абаттандыру жұмыстары мен мектептің құрылыс жұмысында кеткен ақауларды қайта қалпына келтіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

C1C68A8B-62BC-4218-9DFB-86213794B995

Казталов ауданында денсаулық сақтау саласы бойынша республикалық бюджет есебінен Қараоба және Бостандық дәрігерлік амбулаториялары мен Қараөзен фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараөзен мен Бостандықтағы медициналық нысандардың құрылыс жұмыстарын «Альтаир-СК7» ЖШС жүргізіп жатырса, Қараоба дәрігерлік амбулаториясының құрылысына жауапты мердігер - «АИАС құрылыс Сервис» ЖШС. Тілепберген Ерсайұлы ауданымызға жұмыс сапары барысында аталған нысандардың да құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігерлерге жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды.

20230705061100_IMG_1646 - Медициналық нысандардың құрылысы жүргізіліпжатырған Қараөзен, Бостандық, Қараоба ауылдары болашағы жарқын ауылдар деп білеміз. Даму көрсеткіші де жоғары. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды уақытында тапсыру қажет. Техникалық қадағалаушы компания құрылыс объектілерінің басында болып, жағдайды үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Халыққа заман талабына сай, сапалы нысанды тапсыруымыз қажет. Біз үшін жұмыстың сапасы маңызды, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Жобаға сәйкес Қараөзен фельдшерлік-акушерлік пункті қыркүйек айында, Бостандық дәрігерлік амбулаториясы қазан айында, Қараоба дәрігерлік амбулаториясы тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Әзірге құрылыс жұмыстары қарқынды.

20230705080957_IMG_1724

Өңір басшысының орынбасары ауданымызға жұмыс сапары барысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан Бостандық және Қараоба ауылдарының көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Аталған жоба аясында Бостандық ауылының көшелерін қайта жаңғыртуға 425 млн теңге қаржы бөлініп, «Жайық Сити» ЖШС мердігер болып анықталды. Дегенмен, мердігер жол  жөндеу жұмыстарын бастауға ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіріп отырғанын айтып ақталды. Салынатын жолдың ұзындығы – 3,1 шақырымды, жаяу жүргінші жолының ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды. Ал «Асфальт» ЖШС құны 446,9 млн теңгені құрайтын Қараоба ауылының көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта 2,9 шақырымдық жолғатопырақ төсеу, тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қараоба ауылында да жолға асфальт төселіп, 2,6 шақырым жаяу жүргінші жолы салынады деп жоспарланып отыр.

20230705105928_IMG_1790

- Ауа райы қолайлы уақытта жұмысты бастап, жүргізе берген жөн. Өйткені, жоба бойынша қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінді. Ал ол қаржыны тиімді пайдалануға тиіспіз. Бастысы жұмыс қарқынын арттырып, жолдың сапасына мән беріңіздер, - деді Тілепберген Ерсайұлы.

20230705110043_IMG_1792

Тілепберген Қаюпов ауданымызға қарасты Қараөзен ауылында жөндеуді қажет ететін 0,9 шақырымдық ауылішілік жолмен танысты. Қараөзен ауылының көшелерін қайта жаңғырту жобасы сараптаманың оң қорытындысын алып, қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасына бюджеттік ұсыным жолданған. Өңір басшысы құны 107,9 теңгені құрайтын жобаның маңызы зор екенін  атап өтті.

20230705070301_IMG_1687

Аудан орталығындағы 600 орындық мектеп құрылысының ахуалы да өңір басшысы орынбасарының назарынан тыс қалмады. Облыс әкімінің орынбасары «Жиенбай» ЖШС директоры Александр Қарағойшинге мектеп ғимаратының құрылысын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Содан соң Қараоба ауылына жол тартып, мұндажол жөндеу жұмыстары, дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Кіші Өзен өзенінен Қараоба ауылын техникалық сумен жабдықтау пилоттық жобасымен ттанысты.

20230705080048_IMG_1715

Тілепберген Ерсайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші артып отырғанын тілге тиек етіп, бірқатар басқарма басшылары мен жергілікті атқарушы орган өкілдеріне атқарылып жатырған жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар берді.

20230705080002_IMG_1709

20230705114116_IMG_1815

20230705113900_IMG_1810

20230705085159_IMG_1741

20230705070714_IMG_1696

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале