25.11.2022, 10:30
Оқылды: 33

Тоқаевпен «бірге жүретін» Бауыржан  «Сырым еліне» жазылды

Туған жерді сүю – оның ауасын, қырын, белін, адамын жақсы көру болса, біз оған газетін де оқу дегенді қосар едік. Шынын айту керек, «Сырым елі» газеті мен оқырмандарды бір-біріне байлап тұрған алтын жіп – елге деген махаббат қой. 

InShot_20221125_102949903

Асқақ Алатаудың етегіндегі мың бояулы Алматы қаласында жүрсе де өлеңтілік Бауыржан Мүтиев туған ауылын бір сәт есінен шығарған емес. Міне, мерзімді баспа беттеріне жазылу науқанында Сырым ауданының төл басылымы – «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетін қолдап, 10 ауылдасын аудан айнасына өз қаражатынан жаздырып отыр.

– «Әкем кіндік кескен жер, анам кірін жуған жер» - дегендей, Сырым даласы – бәріміздің кіші Отанымыз. Ауылымызда әкеміз бен анамыздың ізі,  біздің балалық бал күндеріміз қалды. Елге сәлем болсын деп, ата – анамның замандастарының шаңырақтарына «Сырым елі» газетін шын жүректен жолдаймын,- дейді ол.

Бауыржан Мүтиев бүгінде мегаполисте «ЕхроMasters» жарнама агенттігінің жұмысын жүргізуде. Жарнама, сыртқы көрнекілікпен шұғылданатын агенттік кейінгі кездері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын мемлекеттік шараларды безендірумен де айналысып жүр. Ұлттық домбыра күні, Ұлытаудағы ұлт құрылтайы, мемлекет басшысының өңірлердегі сапарлары – Бауыржан мен оның командасының сапалы жұмыстары арқасында сәнді, салтанатты. Жерлесіміз жуырда Астана қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің ұйымдастыру жұмыстарына араласып, 27 мемлекеттің басшысы бас қосқан жиынның куәгері болды.

Тоқаевпен «бірге жүретін» Бауыржанның еңбегіне жеміс тілейміз.

Бауыржан Ширмединұлы ,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале