10.08.2022, 12:45
Оқылды: 58

Тоқпайдың жолы өңделуде

Теректі ауданы Подстепный ауылдық округіне қарасты Тоқпай ауылында қазіргі таңда 365 адам бар. Шағын ауыл болғандықтан, мұндағы тұрғындар жақын маңдағы қалаға қатынап жұмыс істейді. Олар, әсіресе, көктем мен қыс мезгілінде жолдың сапасы нашар екенін айтып келді.

FB_IMG_1660049591052

Енді,  міне,  бүгінгі таңда ені  674 метр болатын кіреберістегі жолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұған білек сыбана кіріскен мердігер — «Ануш Құрылыс» ЖШС. Айта кетейік, өңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 85, 3 млн теңге, ал жергілікті бюджеттен 33,3 млн теңге қаржы бөлінген.

Самал Жамет, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале