13.04.2022, 15:00
Оқылды: 69

Тоқсанның төріне шықты

Жуырда Шежін ауылының төл тумасы Жәрдем Жанақов 90 жасқа толды. Осыған орай Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков мерейтой иесінің шаңырағына барып құттықтады.

6958F8E2-7C9B-40B7-A71C-DDD54F8A34F2

   -Сізді келіп жеткен мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Ұрпағыңыздың қызығын көріп, орталарында аман-есен отыра беріңіз. Жасыңыз жүзден ассын. Сіздің ауданымыздың дамуына қосқан үлесіңіздің зор екендігін жақсы білеміз. Зейнеткерлікке шыққанша тынымсыз еңбек еттіңіз. Енді соның қызығына бөленіңіз. Елге жасаған қажырлы еңбегіңіз бен адалдығыңыз ұрпақтарыңызға себепші болсын, - деп жүрекжарды тілегін жеткізген аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы мерейтой иесінің иығына шапан жауып, құрметін көрсетті.

 -Менің жақсылығыма келіп, құрмет көрсеткендеріңізге алғысым шексіз. Сіздерге де денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз секілді қарияларға көңіл бөлгеннен басқа ештеңе керек емес. Еліміз дами берсін. Атқарып жатқан қызметтеріңізге береке берсін. Аман жүріңіздер,- деген мерейтой иесі Жәрдем Нұрымбайұлы келген қонақтарға ақ батасын берді.

  Балалары ештеңе жасама десе де, қолына күрек алып сыртқа шығып кететінін айтты тоқсандағы қария. Оның өзі мерейтой иесінің жүрісі ширақ, тың екендігін білдіреді-ау. Айтпақшы, қазіргі таңда Жәрдем Жанақов ақсақал ІІ Шежін ауылындағы қариялардың ең үлкені екен. Туған күні қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген ақсақалға ұзақ ғұмыр берсін деген тілекпен аудан орталығына жөнелдік.

Темірболат Әнуарұлы,

Тасқала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале