21.06.2023, 22:12
Оқылды: 35

Төл мереке иелеріне құрмет

Аудандық мәдениет үйінде терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін Мемлекеттік қызметшілердің  мерекесі мен елдің елдігін қадағалап, ішкі тәртібін бақылап отыратын полиция қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара ҚР Туы кіргізіліп, Гимннің орындалуымен басталды.

мереке 8

Мерекелік кеште ҚР мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы Мұхтархан Өтеғалиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айзада Тілеуғалиева қабылдады.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов қо сала қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтады.

-Құрметті мемлекеттік саланың ардагерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және әріптестер сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мемлекеттік қызметтегі және ішкі істер органдарындағы әрбір маман өз қызметінің мән-маңызын сезініп, асқан жауапкершілікпен елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Мемлекеттік қызмет және құқық қорғау саласындағы әрбір маман әділ әрі адал болуы қажет. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің мәңгілік болуында атқарып отырған еңбектеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге толағай табыс, мәртебелі істе біліктілік пен төзімділік тілеймін, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Серікұлы.

мереке 5

Абыройлы міндетті атқарып жүрген сала мамандарының ерен еңбегі мен төгілген тері мейрам қарсаңында тағы бір мәрте бағаланды.

Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов Батыс Қазақстан Облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің  алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсаловтың алғыс хатымен Ақсу ауылдық округінің әкімі Ғарифола Өтепбергенов, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің басшысы Гаухара Мұқанова, аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Алмагүл Сандыбекова, аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Әйгерім Хасанова, аудандық мәслихаттың бас маманы Айнагүл Кульжановалар марапатталды.

мереке 6

Аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың алғыс хатымен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айымгүл Тржанова, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет және қала құрылысы секторының меңгерушісі Биімбет Қанашев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Азаматов, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің бас инспекторы Жангүл Шакирова марапатталды.

Ішкі істер органы қызметкерлері полиция подполковнигі Ернар Естаулетов, полиция капитаны Салтанат Омарова, полиция майоры Бауржан Наурзимбетов, полиция аға лейтенанты Асхат Каукеев, Марат Мағзом, Қанат Жолдасқалиев, Гаухар Телеубаева, құжатпен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы Тұрсынгүл Абдрашеваларға аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың алғыс хаты табысталды.

мереке 4 (1)

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының Төрағасы Серік Сүлейменнің атынан «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісімен Гүлнара Шамғонова наградталды. Сонымен қатар Құрмет Грамотасына Ақсай қаласы әкімі аппаратының экономикалық жоспарлау  бөлімшесінің басшысы Асылзада Харрасова, Қанай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлсара Галимова, ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мейрамгүл Шүкиева, Бөрлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Марина Есмагулова, Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Назгүл Құрманғалиева, Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Назгүл Ибрашовалар ие болды. БҚО кәсіподақтар орталығы төрайымының Алғыс хаты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Светлана Ахонгалиеваға табысталды. Мерекелік шарада жас мемлекеттік қызметші, аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы Эльдар Сағынғалиевтің ата-анасына алғыс жарияланды.

Мемлекеттік қызметті атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімділіктің белгісі. Сіздердің еңбектеріңіз терең білімді, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Біздің өңіріміздің нәтижелі дамуы сіздердің өз қызметіңізге деген адалдығыңыз, патриоттық сеніміңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауыңызға байланысты. Елдің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне  мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Сондықтан ауданымыздың дамуына атсалысып, білім мен жігерлеріңізді елдің қалыптасуына арнағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, - дейді аудандық маслихат төрағасы Қайрат Ермекбаев мерекемен құттықтап, Зульфия Есентаева мен  Ержан Гусмановқа алғыс хат табыстады.

Мерекелік шара аудандық демалу орталығы көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале