13.10.2023, 17:00
Оқылды: 49

Төрешілер семинарда бас қосты

Қаратөбе ауданындағы Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен төрешілердің біліктілігін арттыру мақсатында футзалдан аудандық төрешілер семинары өтті.

 Футзал семинар (2)

Аталмыш семинарға ауылдық округтерден және мекемелерден 20-ға жуық қызметкерлер қатысты.

Шағын футбол төрешілерінің семинарында алғашқы сөз кезегін алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден жастар арасында бұқаралық спортты дамытудың маңызын атап өтіп, басқосуға жиналан мамандарға өзара тәжірибе алмасуда сәттілік тіледі.

Футзал семинар (4)

Семинардың бірінші бөлімінде «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Ернар Есенжанов қатысушыларға футзалдың ережелерін түсіндіріп, ойыншылар мен төрешілерге қойылатын талаптарды атап өтті.

Футзал семинар (5)

Түстен кейін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жалғасқан семинардың екінші бөлімінде практика істеді. Семинарға қатысушыларға тәжірибе жүзінде шағын футбол алаңында айып добын соғу, бұрыш добын беру, алаңда ойын ережесі бұзылған жағдайда төрешілердің дұрыс шешім шығаруы туралы айтылды.

Футзал семинар (7)

Семинар соңында барлық қатысушыға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы атынан сертификаттар табыс етілді.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале