18.11.2022, 12:00
Оқылды: 36

Төртінші тоқсан қорытындыланды

Бүгін аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев Жәнібек ауылы тұрғындарына кезекті есеп беру кездесуін өткізді.

WhatsApp Image 2022-11-18 at 11.37.32
Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев бірқатар өзекті мәселелерді атап өтіп, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Бүгінде шешімі табылып, атқарылған мәселелер туралы баяндады.

Атап өтер болсақ, ауыл ішіндегі 4 көшенің жолы жөнделіп, жарықтандырылғаны, қалған 6 көшеге жоспарға сай келесі жылы асфальт төселетіні айтылды.

Сонымен қатар келесі жылы Ш.Мәжитов, Абай көшелеріне тротуар салу көзделіп отырғанын айтты. Зираттарды қоршау, телефон желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенін баяндады. Ауданның 100 жылдығына орай «Түлектер саябағы» бой көтергені, ауылымыздың кәсіпкер жастары қияр өсіріп, ол арзан бағада сатылғаны, мал азығы ойдағыдай жиналғаны туралы да айтты. Ауыл халқының мал соятын, тері илейтін, жүн қабылдайтын, сүт өндіретін орындар болса деген өтініштері бар екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2022-11-18 at 11.37.37
Тұрғындар тарапынан Жәнібек ауылының оңтүстік бағытындағы айналма жолды жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілсе деген өтініш айтылды.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Хамитұлы «Ауыл аманаты» жобасы туралы түсіндіріп, кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін жандар болса, ауыл, аудан әкімдігі қолдау көрсетуге дайын екенін тілге тиек етті.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале