Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды
27 Қыркүйек 2023

Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Қыркүйек 2023

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады

Жыл басынан бері 6 бала өрттен қайтыс болды
27 Қыркүйек 2023

Жыл басынан бері 6 бала өрттен қайтыс болды

БҚО-да әскери оқу-жаттығу  өтті
27 Қыркүйек 2023

БҚО-да әскери оқу-жаттығу өтті

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді
27 Қыркүйек 2023

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған
27 Қыркүйек 2023

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған

Төтенше жағдай кезінде Бәйтеректе қайырымдылық шараларына үлес қосушылар көп болды

Елдегі орын алған жайсыз ахуал халыққа, экономикамызға теріс әсерін тигізді. Көп отбасылар табыс көзінен айырылып, қаржылық қиындыққа тап болса, әлеуметтік тұрмысы осал отбасылардың көмекке зәрулігі байқалды.

 DDDBE2F3-60BC-415C-9FF1-48EDA249C369

Бұл төзіміміз сыналған сәтте Бәйтерек ауданы тұрғындарының да мейірімділігі мен адамгершілігі айқын байқалды.

Ауданда көптеген қайырымдылық жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар үшін аз уақыттың ішінде көп мөлшерде бетперделер тігіліп, азық-түліктер таратылды.

Бәйтерек ауданының жеке кәсіпкерлері де қиындыққа тап болған аудан тұрғындарын назардан тыс қалдырмады.

Аудан бойынша ауқымды көлемде қайырымдылық шараларын ұйымдастырған округтер ішінде Достық, Январцев және Сұлукөл ауылдық округтерін атауға болады.

Январцев ауылдық округіндегі «Бекмырза» шаруа қожалығының өкілі  Ақылбек Меңдіғазиев ауылдағы жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға бір жылқы сойып, етін таратты. Ал «Санжар» шаруа қожалығы бір аз қамтылған, бір мүгедек отбасын толықтай азық-түлікпен қамтамасыз еттті. «Керемет» шаруа қожалығы Кирсанов ауылындағы тыл ардагерлеріне азық-түлік жеткізіп берсе, «Надежда» шаруа қожалығының өкілі Надежда Голубенко 30 отбасын азық-түлікпен қамқорлады.

«Bayston» ЖШС болса, 30 тыл ардагеріне азық-түліктен қолұшын созған.  

Сұлукөл ауылдық округінің «Агросервис-Батыс» ЖШС басшылығы 32 отбасыға әр қайсысына бір-бір қап картоп таратты.

Достық ауылдық округіндегі «Причаганье» ЖШС, «Нуртазин» жеке кәсіпкерлігі, «Достық» жеке кәсіпкерлігі, Достық ауылындағы орта мектеп ұжымы, ауылдық округ әкімшілігі, ауыл тұрғындары күш біріктіріп, атсалысып, 66 шаңырақты 543 720 теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Елімізде күн сайын жүздеген волонтерлар, меценаттар қайырымдылық шараларын жүзеге асыруда. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы иелерін есептемегенде қарапайым халық та көмек қолын созуға даяр екендіктерін іспен дәлелдеп келеді. Одан басқа да мейірім мысалдары көп. Осының барлығы рухымыздың мықтылығын дәлелдесе керек-ті.

 Аружан Болатбекқызы

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале