17.08.2021, 15:10
Оқылды: 39

Туған ауылының оқушыларына көмек көрсетті

«Мектепке жол» акциясы жалпыұлттық бағытта сипат алды. Мұқтаж, көпбалалы отбасында тәрбиеленуші оқушыларға өндірістік компаниялар мен шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер демеушілік көрсетуді әдетке айналдырды. Жыл сайын игі іске жұмылғандар саны артып келеді.

 мектепке жол

Жуырда Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный негізгі мектебінен түлеп ұшқан ерлі-зайыпты Бекжан Садықов мен Руфина Жұмағазиева өздері туып өскен ауылында тұратын екі отбасы балаларына қамқорлық танытып, мектепке қажетті оқу-құралдарын алып берді.

Бүгінде Орал қаласында тұрып жатқан жас жанұяның бұл әрекетіне озерныйлық ағайын разы.

- Адам өміріндегі ең игі қасиеттердің бірі – мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Акция аясында қайырымдылық жасаған жандарға алғыс айтамын, ризашылығымыз шексіз, - дейді ата-аналардың бірі.

Бұдан бөлек Бекжан мен Руфина аудан орталығы Переметный ауылында тұратын екі отбасы балаларына да қолдау білдірген.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале