23.12.2022, 9:45
Оқылды: 64

Туған елдің перзенті

Кеше Казталов аудандық орталықтандырылған кітапхана кітапханашыларының ұйымдастыруымен жерлесіміз, тарихшы Исатай Кенжәлиевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Туған елдің перзенті» атты дөңгелек үстел өтті.

WhatsApp Image 2022-12-22 at 17.50.33

Дөңгелек үстелге Орал қаласынан тарихшы-қоғамтанушы Зұлқожа Шарафутдинов арнайы келіп қатысты.

WhatsApp Image 2022-12-22 at 17.50.16 (4)

Сонымен қатар аудандағы бөлім басшылары, тарихшылар, еңбек ардагерлері, жастар мен оқушылар қатысты. Шарада ең алдымен Исатай Кенжәлиевтің өмірі мен оның құнды еңбектерінен сыр шерткен бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен соң дөңгелек үстел қонағы Зұлқожа ағамызға сөз кезегі ұсынылды. «Отанды тану өлкенің тарихынан бастау алады. Өз өлкесінің тарихын жетік білмеген адам алысқа бармайды. Өлке тарихын зерттеп, қағаз бетіне түсіруде Исатай Кенжәлиевтің еңбегі орасан. Ол Ішкі Бөкей ордасын, Исатай мен Махамбетті ерекше зерттеп, талай құнды дүниелер қалдырған тарихшы. Осы Казталов ауданы тарихының бірізге түсіп жүйеленіп жазылуына да сол Исатай Кенжәлиевтің қосқан үлесі зор. Ол тарихты кітап бетінен емес, ауыл қарияларынан, олардың шежірелі әңгімелерінен іздейтін, ел аралап ерінбей зерттеу жүргізетін.» деп тарихшы жайындағы естелігімен бөліскен Зұлқожа Шарафутдинов қазіргі жастар мен болашақ жас өрендер сол тарихшының ізін жалғап өз өлкелерінің терең тарихын әлі де дұрыстап жіліктеп зерттегені жөн деген ойын айтты. Кезек кезегімен сөз алған дөңгелек үстел қатысушылары тарихшы Исатай Кенжәлиев турасында тұшымды ой-пікірлерін білдіріп өтті.

WhatsApp Image 2022-12-22 at 17.50.16 (5)

Шара соңында Исатай Кенжәлиевтің туғанына 95 жыл толуына байланысты жарияланған «Өз өлкесін білмеген, бар әлемді танымас» атты аудандық эссе байқауының жеңімпаздары Мұхит Ермағанбетов, Ғаділбек Тасқалиев, Абзал Есенғазиев және Сағидолла Сапарғалиев арнайы дипломдармен марапатталды.

WhatsApp Image 2022-12-22 at 17.50.16 (6)

Жансая Жұмажанқызы, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале