23.06.2024, 18:54
Оқылды: 82

Туған жерге барып, құран бағыштап қайтты

Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы, жерлесіміз Гүлжанар Шөкеева сапарының соңында туып өскен мекені Талов ауылына табан тіреді.

InShot_20240623_204226161

FB_IMG_1719150677908

Алдымен ауылдық мәдениет үйінде ауылдың тұрғындары, ақсақалдарымен кездесіп, Талов ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ораз Табаев бастаған бір топ ауыл азаматына арнайы марапаты мен сыйлығын табыс етті.

FB_IMG_1719150661917

Ауыл үлкендері естеліктерімен бөлісіп, ауылға қатысты ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.

IMG-20240623-WA0096

IMG-20240623-WA0097(1)

FB_IMG_1719150670898

Кейін ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктке барып, заманға сай салынған ғимарат қызметкерлеріне алғысын білдірді.

FB_IMG_1719150674475

Туған ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігін өз көзімен көрген Гүлжанар Болатқызы өзі бар кезде құрылысы жүріп, қазіргі таңда ауыл балалары оқып жүрген мектепке оң бағасын берді. Өз кезегінде ауыл тұрғындары бүгінде ауыл атын асқақтатып жүрген ауылдасын әрқашан құшақ жайып қарсы алуға әзір екендіктерін айтып, халықтың мұң-мұқтажын арқалап жүрген жерлестерімен мақтанатындықтарын, ауылдың төрінде тұрған «Құрмет» тақтасында Гүлжанар Шөкееваның суреті құрметпен ілініп тұратындығын жеткізді.

FB_IMG_1719150683227

Араға 40 жыл салып ауылға келген басшы ауыл маңындағы «Аманат» қыстағында өткен садақаға қатысып, өмірден өткен ауыл үлкендеріне Құран бағыштады.

IMG-20240623-WA0074

Қауырт жұмыс кестесімен жүрген Гүлжанар Болатқызы ауылдық мешітті де ұмытпай, Құран кітабы мен шағын сыйлықтарын сыйға тартты. Халық жанашырына айналған қыздарына ауылдастары алғысын жаудырып, облыс орталығына ақ жол тілеп шығарып салды.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале