29.09.2022, 19:19
Оқылды: 43

Тұғырнама таныстырылды

Теректі аудандық Достық үйі ғимаратында «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясы өтті. Оған филиал төрағасы, аудан әкімі Тілек Габдушев төрағалық етті. Жиынға аудандық мәслихаттың депутаттары, партия белсенділері, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері мен жас мамандар қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасын талқылау. Осы орайда сөз алған «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев тұғырнама негізінде баяндама жасады.

IMG-20220929-WA0072

- Бұл тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшін болашаққа деген көрқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдарымен саяси мақсаттары қамтылған. Жаңа саяси тұғырнаманың басты ерекшеліктері, біріншіден, құжатты әзірлеу мен жазу толығымен қазақ тілінде өтті. Екіншіден, Адам-Қоғам-Мемлекет қағидасы бойынша құрылып, әр азаматтың тұрмыс-тіршілігі басты назарға алынды және талқылау барлық деңгейді қамти отыра жүргізілді. Сондай-ақ, нақты мәселе бойынша сауалдар қойылып оларды шешу жолдары қарастырылды. Соңғы ерекшелігі бұл тұғырнамада халқымыздың көрнекті тарихи тұлғалары мен зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлері көрініс тапқан.

IMG-20220929-WA0073

Тәуелсіздік - баға жетпес байлығымыз, оны көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек деген тезис басты назарға алынған, - деді аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Мирхат Мақсотұлы.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланып, қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Конференцияны түйіндеген «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Тілек Александрұлы:

- Барлық қабілетіміз бен тәжірибемізді әділетті де жаңа Қазақстан құру жолындағы реформаларды іске асыруға бағыттаймыз, - деп түйіндеді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале