26.05.2022, 12:30
Оқылды: 73

Түлектер арасында волейболдан жарыс өтті

Жуырда Казталов ауданы Жалпақтал ауылында 1989 жылы туған мектеп бітіруші түлектердің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Аталмыш жарыста жастар арасынан жүлделі ІІІ орынды - 1991 жылғы, ІІ орынды - 1994 жылғы, І орынды 1989 жылғы түлектер өзара бөліссе, ардагерлер арасынан жүлделі ІІІ орынды - 1984, жылғы, ІІ орынды - 1988 жылғы, І орынды 1981 жылғы түлектер командасы жеңіп алды.
7B686B4A-4C4A-46F8-AA6F-6743BB29B835
Жарыс нәтижесінде жастар командасы ойыншыларынан Жұмагереев Наурызбек «Үздік ойыншы», Сейтқалиев Замир «Үздік тосқауылшы», Қаменов Ақылбек «Үздік шабуылшы», Алтаев Айбар «Үздік байланыстырушы», Батыргереев Амангелді «Жеңіске деген жігерлілігі үшін» номинацияларына ие болса, ардагер ойыншылардан Оразаев Аспандияр «Үздік ойыншы», Алданов Аслан «Үздік шабуылшы», Оразов Елдос «Үздік тосқауылшы», Иманғазиев Дастан «Үздік байланыстырушы», Каримов Максат «Белсенді ойыншы», Карасаев Айдар «Ардагер ойыншы» болып танылды.
7A4E9589-9A9A-4BC5-A1D7-EC8B52BAF084
Жарыс қорытындысында жүлдегерлер мен жеңімпаздар жеңіп алған орындарына сәйкес қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен, Кубоктармен, медальдармен марапатталды.
Жарыс соңында шараны ұйымдастырушылар жарысқа қатысып, белсенділік танытқан барлық спортшыларға алғыс білдірді.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале