19.03.2024, 17:45
Оқылды: 13

Түлектер киіз үй тарту етті

Қазақта "Ит тойған жеріне, ер туған жеріне" деген асыл сөз бар. Туған жер - әр перзенттің жүрек түкпірінде орын алған жұмақ мекені. 1994 жылы Жаңақала ауданындағы С.Меңдешев атындағы мектептің 11-сыныбын бітіріп, қияға қанат қаққан түлектер араға 30 жыл салып, туған жеріне тартуымен оралды.
 InShot_20240319_174104586
Биыл Президентіміздің қолдауымен Ұлыс күні кеңінен тойланып жатқан шақта түлектер туған ауылына арнайы тапсырыспен Алматы қаласына жасатып, құны 840 000 мың теңге тұратын 12 қанатты қазақтың киіз үйін тарту етті. Өз қаражаттарына алынған үлкен сыйлықтың туған жерге жетуіне Бекесов Ержан, Дүйсенов Тарас, Сисенов Болатбек, Мұханбетжанов Мират, Баймуханов Өтеген, Рысқалиев Абзал есімді түлектер тікелей араласып, бүгін ауылдың ортасында орналасқан Мәдениет үйінің ауласына құрды.
 
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале