19.05.2023, 20:54
Оқылды: 39

Түлектер мектебіне тарту жасады

Мектеп – біліммен сусындатып, үлкен өмірге қанат қақтырған киелі шаңырақ. Сонымен қатар, балалық шақ пен қызықты күндердің куәсі. Сол себепті де мектепке қадам басқан әрбір жан балғын дәуренін еске алып, бір жасаратыны хақ.

мектеп

Аяулы мектебінен сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындап,  өмірге қанат қағарда білім мен мамандық таңдауда ұстаздарының сіңірген еңбегін ұмытпай, қай қиырда жүрсе де мектебінің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын, шәкірттік алғыс сезімі мен парызын бәрінен биік қоятын түлекте  де аз емес.  Бүгінде  «Ауылына қарап, азаматын таны», - демекші,  мектеп бітіргеніне 20 және 30 жыл толған түлектер, аға буын ағалар өзінен кейінгі ізбасарларына ұстазы мен мектебіне деген ризашылық пен құрметтің үлгісін танытып, соңғы қоңырау қарсаңында өнегелі іске өзіндік үлестерін қосуда.

Өзінде барды тек «өзімдікі»  деп қана емес, өзгемен бөлісуді «адамдық» деп түсінетін азаматтар қатары қоғамға керек-ақ.

Осы орайда Жаңақала ЖОББ мектебінің 30 жылдық түлектері мектебінің АКТ залы мен қабылдау бөлмесінің  безендірілуіне  атсалысып, жұмсақ төсеніш (құны 500 мың теңгелік)   тарту етсе,  осындай игі істер өз жалғасын тауып, кеше ғана мектеп ауласының абаттандырылуына (құны 5 млн.теңгелік)  20 жылдық түлектер де лайықты үлес қоса білді.  Бұл дегеніңіз, бір жағынан мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына жағдай жасалса, ұстаздардың өлшеусіз еңбегінің еленуі деп мақтанышпен  айтуға тұрарлық.

Түлектердің игі істерінің арқасында  мектеп жаңарып, жасара бермек.

Білім алған алтын ұясына аялы алақанын тосқан түлектерге ұстаздардың алғыстан басқа айтары жоқ.

Рая Жумагалиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале