19.05.2023, 20:45
Оқылды: 26

Түлектер тартуы жалғасуда

Әр жылғы мектеп түлектерінің оқу жылының аяғында туған өлкесінің дамуына өз үлестерін қосуды дағдыға айналғанын естіп те, көріп те жүрміз. Жылдағы дәстүр бойынша игі істерден қалыс қалмай , Жаңақала ауылының 1983 жылғы мектеп бітіруші түлектері «Жауқазын» бөбекжайының бүлдіршендеріне ойыншықтар тарту етті. 

сый

Балғындардың қуаныштан күлімдеген көздері мен бал-бұл жанған жүздерін көрудің өзі бір бақыт емес пе?! Оның ішінде тапқырлыққа, дербес ойлауға үйретіп, қабілеттеріне жол ашатын ойыншықтар да бар екен. Әдемілігінің өзі көздің жауын алады. «Жерде бір  бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші , аталмыш балабақша меңгерушісі Фарида Әкімғалиева: «Осындай жақсылық жасап, жанашырлық танытқан жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ» дейді. Ізгі  жүректі жандардың игілікті істері жалғасын табатынына сеніміміз мол.

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале