13.09.2022, 11:15
Оқылды: 67

Түлектердің тамаша тартуы

Соңғы жылдары мектеп бітірген түлектердің туған жеріне, оқыған мектебіне сағынышпен ат ізін салып, кездесу ұйымдастыруы жақсы үрдіске айналуда. Тек кездесіп қана қоймай, ауылдың мұқтажын шешуге қолдан келген көмектерін беруі де сүйсіндіреді. Жуырда Шыңғырлау ауданындағы Сегізсай негізгі мектебін 1975 жылы бітірген түлектер туған ауылдарында, өздері білім алған мектепте бас қосты.

302672441_1253807085446735_3728033449286192569_n (1)

30 жылдық кешке жиналған олар балалық шақтары, мектеп өміріндегі қызықтар, аяулы ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісіп, бір жасап қалды. Ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен де танысып, "Мектепке сый" акциясына атсалысты. Шаштарын ақ шалған түлектер құр қол келмей, шағын орталық тәрбиеленушілеріне қажетті ойыншықтар мен кілемді тарту етті.

Әдемі ойыншықтарды көрген бүлдіршіндердің қуаныштарында шек жоқ.

                                                                                                    Г.Шынтас,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале