23.05.2025, 15:00
Оқылды: 235

Түлектерге арналған салтанатты шара

Балалар мен барлық ата-ана, ұстаздар қауымы асыға күтетін мамыр айының тағы бір тартымды мерекесі - оқу жылының аяқталу сәті. Осы күні шартты түрде сабақтар аяқталып, оқу процесінің ресми аяқталатыны қалыптасқан үрдіс.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.31.38 (11) (1)

Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі бұл мерекелі сәтті мектептің спорттық алаңында ұйымдастырыпты. Мектеп бітіруші лентасын ілген түлектер, құшағы гүлге толы ата- аналар қарбаласы, алаңға әдемі қатар құрап, сап түзеген оқушылар көңілді шараның сәнін асырып, салтанатын жарастырып- ақ тұр.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.31.38 (13) (1)

«Мың алғыс саған, мектебім!» тақырыбымен ұйымдастырылған мектеп бітірушілерге арналған салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.31.38 (22) (1)

Шара барысында аудандық, облыстық, республикалық деңгейде үздік деп танылған оқушылар мен олардың ата- аналары марапатталып, мектеп бітіруші түлектер атынан ұстаздарға алғыс айтылды. Мектептің мақтанышы боп жүрген озат оқушылар да алаңға шақырылып, салтанатты шеңбер жасап өтті.  Білім беруде үздік деп танылған ұстаздарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.31.38 (23) (1)

Шара соңы барлық сыныптардағы «Білімім- Отаныма!» тақырыбындағы» ашық сабақпен жалғасты. Бұл сағатта балалардың білімін шыңдауы, жазғы демалысты тиімді өткізуі, жазғы демалыстағы қауіпсіздік, көшедегі, қоғамды орындағы тәртіп жайында айтылды.

Айта кетелік, биыл аталмыш мектепті 38 түлек тәмамдап отыр.

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале