Жәнібекте Ұлттық домбыра күні ұлықталды
1 Шілде 2022

Жәнібекте Ұлттық домбыра күні ұлықталды

Дала өртінен зардап шеккен екі волонтер тікұшақпен қалаға жеткізілді
1 Шілде 2022

Дала өртінен зардап шеккен екі волонтер тікұшақпен қалаға жеткізілді

Қазақ-қытай шекарасында 27 млн теңгенің декларацияланбаған тауарын әкеле жатқандар ұсталды
1 Шілде 2022

Қазақ-қытай шекарасында 27 млн теңгенің декларацияланбаған тауарын әкеле жатқандар ұсталды

Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады
1 Шілде 2022

Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Осы жылдың соңында цифрлық теңгенің платформасы сынақтан өткізілмек
1 Шілде 2022

Осы жылдың соңында цифрлық теңгенің платформасы сынақтан өткізілмек

Қазақстан көпжақты ынтымақтастықты дамыту қағидаттарына адал – БҰҰ Женева бөлімшесінің басшысы
1 Шілде 2022

Қазақстан көпжақты ынтымақтастықты дамыту қағидаттарына адал – БҰҰ Женева бөлімшесінің басшысы

20.05.2022, 14:45
Оқылды: 38
Түлектермен кездесті

Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің биылғы түлектерімен кездесті. Мақсат – медицина саласындағы кадр тапшылығын жою.

WhatsApp Image 2022-05-20 at 14.32.58

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүріп жатыр. Жыл сайын аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев пен аудандық аурухана басшысы Шыңғыс Сәрсенғалиев Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына барып, медицина академияларындағы түлектермен кездесіп, ауданға шақырады. Соңғы үш жылда ауданға 58 дәрігерлер мен 82 орта медициналық қызметкерлер келген екен. Дегенмен олардың дені түрлі себептермен аудандағы өзге медициналық мекемелерге, өзге өңірлерге немесе декреттік демалысқа кеткен.
Бүгінде аудандық ауруханаға 38 орта медициналық қызметкерлер керек. Оның ішінде 7 ауылға фельдшер, оңалту бөліміне 3 фельдшер, перзентхана бөлімшесіне 2 акушерка, отбасылық денсаулық сақтау орталықтарына 27 жалпы практика медбикесі керек-ақ.
- Ауданда орталық аурухана мен емхана бар. Әр ауылдық округте ФАП, оған қоса Қызылтал, Пугачев, Бөрлі ауылдарында амбулатория бар. Келер жылы Аралтал ауылына да медициналық нысан салмақшымыз. Медициналық пункттеріміз, ФАП барлығы күрделі жөндеуден өткен. Бөрлі ауылындағы амбулаторияны жөндеу жұмыстары келер жылы іске асады. Жедел жәрдем көлігі  жыл сайын жаңартылып жатыр. Бұл жерде Қарашығанақ кен орны болғаннан кейін сол жердегі мердігер мекемелер жақсы көмек береді. Былтырдың өзінде 4 жедел жәрдем көлігі солардың есебінен алынды. Орталық аурухананың ақылы қызметінен түскен қаражатқа 7 бірлік жедел жәрдем көлігі алынғалы жатыр. Қазір мемлекеттік сатып алу шаралары өтіп жатыр. Бөрлі ауданы облысымыздың доноры саналады. Баршаңызды аянбай еңбек етуге шақырамыз. Таңдаған мамандықтарыңыз оңай емес. Ауылға барып еңбек етсеңіздер, «Дипломмен ауылға!» атты бағдарлама жұмыс жасайды. Біз әрқайсысыңызды қолдауға, көмек көрсетуге дайынбыз, - деді өз сөзінде аудан басшысы.
Ал Шыңғыс Салихұлы болса, басқа қаладан жаңадан келген медицина қызметкерлеріне жайлы жатақхана берілетінін, мемлекеттік практикадан өту кезінде осы жатақханадан орын тегін беріліп, одан әрі жұмысқа орналасу кезінде осы орын сақталатынын айтып қалды.
Кездесуден соң колледжі түлектері аудандық емхана мен аурухананы аралап көріп, футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале