25.09.2021, 14:26
Оқылды: 30

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті

Білім басқармасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №645 бұйрығына сәйкес, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясынан облыстық жарыс өтті. Оған Ақжайық, Бөкей ордасы, Бәйтерек, Жаңақала, Қаратөбе, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары және облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты мен облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығынан жалпы 36 оқушы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

82EEA8F2-D3DA-4B46-9C78-D1239A687502

Жарыс қорытындысы бойынша Теректі ауданы балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері алғашқы үштіктен көрінді.  

Атап айтсақ, Ерасыл Сұлтанов «3,5 МГц диапазоны» бойынша ІІ орынға ие болса, «144 МГц диапазоны» бойынша Қаршыға Руфатқа да ІІ орын бұйырды.

Қос жеңімпаздың жетекшісі Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Жанболат Ешов.

Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале