16.11.2021, 17:00
Оқылды: 80

«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық  байқауы қорытындыланды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 6-10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауын өткізді.

IMG-20211116-WA0028

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,«Ұлы даланың жеті қыры» және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру көзделген байқауға аудандық, облыстық мамандандырылған мектептерден бас-аяғы  46 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтуда бақтарын сынады.

Жыр додасының басты мақсаты, ел тағдырын биік қойған ерлік дастандарымен өскелең ұрпақты сусындатып қана қоймай, ықылым заманнан бері келе жатқан жыршылық дәстүрді қайта жандандыру болды.

IMG-20211116-WA0027

Онлайн форматта оздырылған сайыста қатысушылар «Едіге батыр» жырының Қ.Сатпаев нұсқасын жатқа айтып, жырдағы тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға және қазақ әдебиеті пәнінен оқу бағдарламасы негізінде әзірленген тосын  сауалға да жауап берді.

Жыр жарысынан бәйтеректік оқушылары да қалыс қалмады. Жарыс барысында, жыр айтуға екі оқушыдан шығарылып, кезек пен кезек өнер көрсетті. Жыршыны кез- келген сәтте тоқтатқанда келесі қатысушы оны әрі қарай жыр іліп әкетуі қажет болды.

Қорытындысында жүзден жүйрік атанып, марапат биігінен Бакдаулет Дарханұлы даярлаған Қадыр Мырза Әлі атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Альфия Жолбатыр екінші орынды еншілесе, Ботагөз Махсотқызы жетекшілік ететін Қасым Аманжолов мектебінің 10 сынып оқушысы Ділназ Ерғали үшінші орынды қанжығалады.

20

- Бұл жоба үш жылдан бері нәтижелі жүргізіліп келеді. Жыл сайын жыр өзгеріп отырады. Берілген туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну сыналады. Биыл қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтты. Аудан оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. Өнерлерін паш етіп, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыздың бағындырған әр белесі, біз үшін үлкен қуаныш,- дейді Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Замира Хамиева.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале